ӘСЕМДІК ПЕН ТАЛҒАМПАЗДЫҚ
Ұмытылмас хош иістер әр адамның бойында өзінше ашылып, сезім сыйлайды және қиялды оятады.

Armani хош иістері Сән үйінің киімдеріне тән қасиеттерді бейнелейді: олар бір мезгілде қарапайым әрі талғампаз.
БЕСТСЕЛЛЕРЛЕР
БІРЕГЕЙ ӨНІМ
Armani туындыларының топтамасына нағыз аңызға айналған бірнеше хош иіс кіреді.Әйелдерге арналған Sì және Acqua di Gioia, ерлерге арналған Acqua di Giò және Code хош иістері парфюмерия әлеміндегі Armani рухының көрінісіне, талғампаз қарапайымдық пен сезімталдықтың синониміне айналды.
ТЕҢІЗДІҢ БАЛҒЫН ХОШ ИІСІ
Acqua di Giò хош иістер желісі Италияның Пантеллерия аралының атмосферасынан - күн шуағына бөленіп, Жерорта теңізінің толқындарымен шайылған қол тимеген табиғат мекенінен шабыт алған. Балқарағай мен бергамот реңктері бар бұл балғын әрі терең хош иіс салқын теңіз суына сүңгігендей әсер сыйлайды.
ACQUA DI GIO ХОШ ИІСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ
АРБАУ ОЙЫНЫ
Armani Codе ерлерге де, әйелдерге де сиқырлы, талғампаз әрі шексіз тартымды образ жасауға көмектеседі. Әйелдерге арналған Codе хош иісінің жоғарғы ноталары - апельсин гүлдері, ал ерлерге арналған нұсқасында - ағаш пен тонка бұршақтары. Екі хош иіс те хош иістің арбаудың кілті екенін білетін жандарға арналған.
ARMANI CODE ХОШ ИІСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ
ПӘК ЖҮРЕКТЕР ҮШІН
Sì хош иісі шытырман оқиғаларға құштар, өмір ұсынатын барлық мүмкіндікті сезінгісі келетін батыл әйелдерге арналған. Бұл - өмірге «Иә!» дейтін әйелдің хош иісі.
ARMANI SI ХОШ ИІСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ
Жүрегіңді дүрсілдететін не?

ЕҢ ҚУАТТЫ СӨЗ
«Иә» деу - таңдау жасау, уәде беру деген сөз
ҚУАНЫШ ХОШ ИІСІ
Джорджо Армани ұсынған табиғатқа арналған мадақ жыры және әйелдік нәзіктіктің көрінісі. Бақыт, алаңсыздық пен оптимизм көңіл күйін сыйлайтын төрт жарқын әрі танымал әйелдерге арналған хош иіс.
Хош иістер позитив пен асыл тастардың жарқылынан - әйелге қуаныш сыйлайтын, еркін әрі шынайы болуға, өзімен үйлесімде өмір сүруге күш беретін қуатты энергия көздерінен шабыт алған.
ACQUA DI GIOIA ХОШ ИІСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ