ЖАҢА ТҮСІМДЕР
САТЫЛЫМ ХИТТЕРІ
ARMANI/PRIVÉ
Armani/Privé - жоғары сән рухын бейнелейтін эксклюзивті хош иістер топтамасы.
Жарқын әрі сирек кездесетін компоненттердің сығындыларынан жасалған, сұлулығы мінсіз әрі үйлесімді композициялар. Шынайы сезімге толы сәттер сыйлауға арналған Жоғары парфюмерия өнерінің шебер көрінісі.
«Сән болсын, сұлулық болсын, менің философиям өзгеріссіз қалады. Мен үшін талғампаздық пен сапа бәрінен жоғары».
Armani beauty брендінің ажырамас бөлігі - Armani Сән үйінің рухы және сыртқы келбет арқылы даралықты ашуға деген ұмтылыс. Armani киім философиясына сәйкес бренд макияж құралдарын, тері күтіміне арналған өнімдер мен хош иістерді жасайды. Олардың басты міндеті - әйелдерге табиғи түрде әрі барынша аз күш жұмсап, өздерін сұлу сезінуге мүмкіндік беру.

Брендтің рөлі - клиенттердің ішкі сұлулығын ашуға деген ұмтылысын қолдау. Ол үшін даралыққа қайшы келмейтін, қолдануға жеңіл әрі тиімді сапалы құралдар жасалады: жарқыраған табиғи реңктер, минералды түстер, табиғи хош иістер.