Armani тері күтіміне арналған люкс санатындағы косметиканы ұсынады. Ол революциялық технология бойынша табиғи компоненттерден жасалып, көзге көрінетін әрі ұзақ сақталатын нәтиже береді.
Crema Nera тарихы он жылдан астам уақыт бұрын Сицилия жағалауындағы Пантеллерия аралында басталды. Жоғары дәлдіктегі ғылыми әдістерді қолдану арқылы әзірленген крем формуласына бастапқыда осы аралдың айбынды тас сұлулығы шабыт берді. Мұнда минералдарға бай жанартаулық топырақта дәрілік өсімдіктер мол өседі және олар қатал өсу жағдайларында ерекше төзімділікке ие болады.
Зәулім жартасты сілемдердің әсерлі көріністері Armani брендін қуатты жасартатын әсері бар тері күтіміне арналған люкс құралдар топтамасын жасауға шабыттандырды.

«Біз бүкіл өмірімізді кемелдік іздеумен өткіземіз. Ал шын мәнінде табиғат нағыз кемелдікке бәрінен де жақын».
Джорджо Армани
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕТІН КҮШІ
Armani beauty зертханаларында бірегей қалпына келу және жаңару қабілетінің арқасында «қайта тірілетін Феникс» деп те аталатын миротамнус флабеллифолия өсімдігінің таңғажайып қасиеттері ашылды. Миротамнус флабеллифолия ең қатал жағдайларда жылдар бойы тіршілік ете алады - ол үшін жапырақтарын түсіріп, сырттай құрғақ әрі жансыз күйге енеді. Алайда жерге бірнеше тамшы жаңбыр тамса болғаны, ол бірден қайта тіріледі.
Миротамнус флабеллифолияны Оңтүстік Африка халықтары ғасырлар бойы дәрілік өсімдік ретінде пайдаланып келген. Оның жасушалардың бұзылуына жол бермейтін және аутофагияны - токсиндер ыдырап, қайта өңделіп, нәтижесінде өсімдіктің тіршілігін қолдайтын нәрлі заттар түзілетін үдерісті ынталандыратын өзіндік иммундық жүйесі бар. Осы иммунитетінің арқасында миротамнус өз мекеніндегі барлық күйзеліс факторларына - жарық күнге, шектен тыс ыстық пен суыққа төтеп береді.
СУМЕН ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ -
Crema Nera желісінің формулаларын жасау үшін қолданылатын бірегей технологияда - Myrothamnus flabellifolia өсімдігінің жапырақтары ең таза суға салынып, анабиоз күйінен шығып, қайта тірілуі үшін белгілі бір температураға дейін қыздырылады. Осы жоғары дәлдіктегі үдеріс нәтижесінде алынған, бірегей қалпына келтіретін қасиеттерімен ерекшеленетін миротамнус флабеллифолия сығындысы басқа қуатты белсенді ингредиенттермен және пайдалы минералдармен бірге Reviscentalis™ концентратының құрамына кіреді.
REVISCENTALIS™ КОНЦЕНТРАТЫ
ЖАСУШАЛАРДЫҢ АНТИОКСИДАНТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ІСКЕ ҚОСЫП, ТЕРІДЕ ҚОРҒАНЫС ТОСҚАУЫЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
Reviscentalis™ құрамындағы миротамнус флабеллифолияның кептірілген жапырақтарының сығындысында галл қышқылы деп аталатын полифенолды антиоксидант жоғары мөлшерде кездеседі. Reviscentalis™ құрамында галл қышқылының теріні қартаю үдерістерін жеделдететін қоршаған ортаның агрессивті факторларынан қорғауға көмектесетін таңғажайып қабілеті пайдаланылады.
КОНЦЕНТРАТТЫҢ ЕРЕКШЕ ФОРМУЛАСЫ
A/
ЖАСУШАЛАРДЫҢ ДЕТОКСИКАЦИЯСЫН ЫНТАЛАНДЫРЫП, ТЕРІНІҢ ӨМІРЛІК ҚУАТЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ
Reviscentalis™ құрамындағы трегалоза қантының жоғары концентрациясы жасушалардың детоксикациясын ынталандырады. Бұл терінің өзіндік тазарту механизмдерін іске қосып, күйзеліс факторларын өмірлік қуатқа айналдыратын Nrf2 жолын белсендіреді. Бұл молекула ағзаны детоксикациялау мен тазартуға қатысатын протеиндердің синтезі арқылы жасушалардағы детоксикацияны күшейтеді. Nrf2 - ағза тіндерін токсиндердің кең ауқымынан қорғаудағы маңызды фактор.
В/
ТЕРІНІ ІШТЕН ЖАНДАНДЫРЫП, ОНЫҢ СЕРПІМДІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ ЖӘНЕ САҚТАЙДЫ
Трегалоза зақымдалған жасушаларды қалпына келтіру үшін галл қышқылының антиоксиданттық қасиеттерін күшейтеді. Терінің регенерациясын қамтамасыз ететін көптеген қорғаныс механизмдерін ынталандыра отырып, трегалоза жасушалардың «өздігінен қалпына келу» қызметін белсендіреді және теріге қалпына келтіретін әрі жаңартатын әсер береді
С/

МІНСІЗ САПАЛЫ ӨНІМДЕР ТОПТАМАСЫ
Құрамында Reviscentalis™ сығындысы бар Armani тері күтімі құралдары терінің табиғи қалпына келу үдерістерін ынталандырып, қоршаған ортаның кез келген жағдайында жайлылық сезімін сыйлайды. Кремдер, тазартқыш құралдар, эмульсиялар, бальзамдар мен маскалар кешенді әсер етіп, терінің жағдайын айтарлықтай жақсартады.