Сән әлеміндегі сұлулықты дәріптейтін Dolce&Gabbana бренді әрбір әйелдің даралығын айқындайтын бірегей туындылары арқылы адамдарды армандауға жетелейді. Dolce&Gabbana брендінің тамыры, философиясы мен негізгі құндылықтары киім және парфюмерия топтамаларында көрініс тауып, Сицилияны, оның дәстүрлері мен табиғат көріністерін еске салатын сезімдерді жеткізуге әрдайым көмектеседі.
Dolce&Gabbana өзінің парфюмериялық топтамаларында әйелдерге және олардың ішкі тартымдылығына құрмет көрсетеді. Бірегей хош иістер әйелдерге күш-қуат сыйлап, қуаныш әкелу, өзіне деген сенімділігін арттыру және күн сайын өз өмірінің ханшайымы екенін сезіндіру үшін жасалған.