"Біз табиғи өсімдік сығындыларын қолдана бастағаннан бері олардың көмегімен ашқан таңғажайып әлем бізді қайта-қайта баурап келеді" (Юбер Д'Орнано, Sisley брендінің негізін қалаушы).
Sisley Paris - француз ақсүйектері Юбер мен Изабель д'Орнано негізін қалаған және фитокосметология саласында жаңашыл мәртебесіне ие болған косметикалық бренд. Үздік табиғи компоненттер туралы білім мен ғылымның соңғы жетістіктерін шебер үйлестіре отырып, Sisley халықаралық марапаттарға ие болған тері күтіміне арналған құралдарды, күннен қорғайтын өнімдер топтамасын, сәнді макияж палитрасын және талғампаз парфюмерияны, сондай-ақ Hair Rituel by Sisley шаш күтімі топтамасын ұсынады.
SISLEY САРАПТАМАСЫ
"Sisley зерттеу зертханаларының бірегей ноу-хауы сұлулыққа кешенді көзқарасқа негізделген. Ол тері туралы сараптамалық білімді - оның жұмыс істеу механизмдері мен оны қоршаған ортаны - сондай-ақ фитокосметология саласындағы әзірлемелерді жасаудағы бірегей тәжірибе мен мінсіз шеберлікті біріктіреді. Үздік табиғи компоненттерді ғылымның озық жетістіктерімен ұштастыра отырып, әрбір Sisley құралы әсерлі нәтижеге кепілдік береді және қолдану кезінде теңдессіз ләззат сыйлайды. Sisley аңызға айналған құралдары брендтің бүкіл әлемдегі мінсіз беделінің берік негізін қалады".

Фитокосметология - Sisley-ге тең келер ешкім жоқ ғылым. Өсімдіктердің өмірлік қуаты, олардың сарқылмас бейімделу және қалпына келу әлеуеті, сондай-ақ бірегей қорғаныс механизмдері - мұның бәрі Сұлулыққа қызмет етуге бағытталған. Ауқымды білім қоры бет пен дене күтіміне арналған құралдарды, күннен қорғайтын құралдар топтамасын, макияж палитрасын және Hair Rituel by Sisley шаш күтімі топтамасын жасау үшін қолданылады."
SISLEY ТЕРІ КҮТІМІ
Косметикалық құралдар жасау үшін үздік өсімдік сығындылары мен эфир майларын пайдалану. Макияжды кетіру, ылғалдандыру, қартайуға қарсы күтім, күннен қорғау, нәрлендіру және тері жасушаларының өмірлік қуатын қалпына келтіру.
SISLEY МАКИЯЖЫ
Теріні қоршаған ортаның күйзеліс факторларының әсерінен қорғау үшін Sisley тиімді әрі жанасуға жағымды текстуралардың кең гаммасын, жарқыраған реңктер мен ең озық технологияларды үйлестіретін фитомакияж құралдарының топтамасын ұсынады.
ПАРФЮМЕРИЯ SISLEY
Өнерге деген сүйіспеншілік пен одан туған шабытты басшылыққа ала отырып, Юбер мен Изабель д'Орнано өздерінің даралығы мен бай ішкі әлемін бейнелейтін хош иістерді жасады. Бірегей эссенциялардан құралған осы ерекше хош иістердің әрқайсысы өз тарихын баяндайды.
HAIR RITUEL BY SISLEY
Шаш пен бас терісіне арналған инновациялық кешенді күтім. Әрбір құралдың құрамында тиімділігі жоғары өсімдік компоненттері, дәрумендер, протеиндер мен минералдар, эфир майлары - шаштың өсуі, саулығы мен сұлулығына қажеттінің бәрі бар.